ПОДЕЛИТЬСЯ
02 тамыз 2022 | 12:13
Sadraddin-нің Нұр-Сұлтандағы "атышулы" концертінің суреті министрлерге көрсетілді
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Үкімет отырысында әнші Sadraddin-нің Нұр-Сұлтандағы концертінің суретін көрсетіп, астаналықтарға ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Үкімет отырысында әнші Sadraddin-нің Нұр-Сұлтандағы концертінің суретін көрсетіп, астаналықтарға ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қызыл" аймаққа көшу және шектеу шараларын енгізу бизнес пен тұрғындардың профилактикалық шараларға деген ұстанымына тікелей байланысты. Бірақ слайдтан көріп отырғаныңыздай, "сары" аймақта орналасқан Нұр-Сұлтанда жабық орындарда көпшілік жиналған шаралар өтіп жатыр. Бұл ретте медициналық бетперде тағу және әлеуметтік қашықтықты сақтау бойынша ұсыныстар орындалмайды, бұл елордада инфекцияның одан әрі таралуына әкелуі мүмкін", - деді Ғиният.
Сурет 31 шілдеде елордалық "Хан шатыр" сауда орталығында қазақстандық әнші Sadraddin-нің (Садраддин Болат) тегін концерті кезінде түсірілген.
Еске салайық, бұған дейін концерттегі оқиға туралы хабарланған болатын. Әртіс сахнадан кеткеннен кейін дүрбелең пайда болған. Көпшілік Садраддинге жақындап, суретке түскісі келді. Әншінің бас киімін жұлып алғаны, күртешесі де созылып кеткені көрінеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также