13 шілде 2020 | 17:25

Сәдуақас Байғабылов Атырау облысының бас санитар дәрігері болып тағайындалды

Сәдуақас Байғабылов Атырау облысының бас санитар дәрігері болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сәдуақас Байғабылов Атырау облысының бас санитар дәрігері болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тілшімен сұхбат барысында ол 13 шілдеден бастап облыстың бас санитар дәрігері болып жұмыс істеп жатқанын айтты. Байғабыловтың айтуынша, оны Атырауға коронавирустық инфекция бойынша санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында жіберді.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, санитар дәрігер Атырау облысының тұрғындарын дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар туралы айтып берді.

Айта кетейік, Байғабылов 2020 жылдың 31 наурызынан бастап көліктегі бас санитар дәрігер болып жұмыс істеді. Бұған дейін Павлодар облысының бас санитарлық дәрігері қызметін атқарды. 2018-2019 жылдары Нұр-Сұлтанда Тауарлар және қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментін (Астананың бас санитарлық дәрігері) басқарды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram