26 шілде 2023 09:08

Сәдуақас Байғабылов пара алды деген күдікке ілінді

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: ОКҚ

Сараптама орталығының экс-басшысы, көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер Сәдуақас Байғабылов пара алды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сараптама орталығының экс-басшысы, көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер Сәдуақас Байғабылов пара алды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мұны Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметі растады.

"2023 жылғы 14 шілдеде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК базасында оның филиалдарының басшылары мен қызметкерлерінің қатысуымен Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК Жетісу облыстық филиалының директоры А.Манкеев пен "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК төрағасының орынбасары С.Байғабыловқа қатысты ұсыныс қаралды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында Манкеев қызмет бойынша ауысу мақсатымен өзінің басшысы Байғабыловқа ("Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК төрағасының бұрынғы орынбасарына) ақша бергені анықталды.

Tengrinews.kz тілшісіне ведомствоның баспасөз қызметін тергеу 2022 жылы басталғанын, параның сомасы 2,5 мың доллар екенін хабарлады.

Еске салайық, Сәдуақас Байғабылов 2023 жылғы 18 мамырда "Ұлттық сараптама орталығы" төрағасының орынбасары қызметінен босатылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram