ПОДЕЛИТЬСЯ
24 шілде 2023 | 16:02
Садыр Жапаров жиенінің ұсталуы туралы айтты
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров жиенінің ұсталуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров жиенінің ұсталуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап.
Президент журналистерге жиенінің ұсталуына қатысты пікір білдірген.
"Қалған туыстарыма сабақ болсын", - деп келтірді басылым президенттің сөзін.
Садыр Жапаровтың айтуынша, сыбайлас жемқорлықпен күресте таныс немесе бөтендер жоқ. Заңды бұзғаны үшін әшкереленгеннің барлығы мемлекеттің бірінші тұлғаларымен туыстық дәрежесіне қарамастан жауапкершілікке тартылады.
"Қазір басқа заман. Барлығына көзқарас бірдей. Сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар болса, қамауға алынады. Мемлекетке келтірілген шығынды еселеп өтесе, шығады. Әйтпесе отырады. Мен арашалап, мына бауырымды қамауға болмаңдар десем, басқалары да заң бұза бастайды. Қырғызда жақсы сөз бар: "Бір жаза – мыңға сабақ", – деп түсіндірді мемлекет басшысы.
Еске салайық, президенттің жиені Ұлан Жапаровқа Қырғыз Республикасы Қылмыстық кодексінің "Жемқорлық" бабы бойынша айып тағылып отыр. Істі Ішкі істер министрлігінің Тергеу қызметі тергеп жатыр.
Ұлан Жапаров – Садыр Жапаровтың туыс ағасы Рақымжан Жапаровтың ұлы.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также