31 қаңтар 2020 17:20

Сағат Мәдиев ШҚО полиция басшысы болып тағайындалды

Камила Долаева Журналист
© Polisia.kz

Сағат Мәдиев Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің басшысы болды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сағат Мәдиев Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің басшысы болды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

"ҚР Президенті әкімшілігі мен Шығыс Қазақстан облысы әкімінің келісімі бойынша облыс Полиция департаментінің басшысы қызметіне полиция полковнигі Мәдиев Сағат Кентайұлы тағайындалды. Полиция департаментінің жаңа басшысын жеке құрамға Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев таныстырды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Сағат Мәдиев 1969 жылы туған, ішкі істер органдарында 1990 жылдан бері қызмет етеді. Ақмола, Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстарының Полиция департаменттерінде басшылық лауазымдарда жұмыс тәжірибесі мол. 2017 жылдың наурыз айынан ІІМ Криминалдық полиция департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарған.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram