ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 23 қыркүйек 2024 15:00
Сағатына 200 шақырым: Астанада жүргізуші ұсталды
Желіде Lexus жүргізушісі Мәңгілік Ел даңғылы бойымен сағатына 200 шақырым жылдамдықпен жүріп, басқа да бірқатар жол ережесін бұзған видео тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Видео авторы жылдамдықты шектен асырып, басқа да жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғаны үшін қамауға алынған.
"Тексеру барысында 19 жастағы жігіт анықталды, ол жыл басынан бері жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 27 рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сонымен қатар, 12 тамызда ол қарсы жолаққа шыққаны үшін алты ай мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды", - деді Астана ПД өкілдері.
Жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысы бойынша жүргізуші 10 тәулікке қамауға алынды. Көлік тұраққа қойылған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу