05 ақпан 2019 | 11:07

Сағынтаев Астанада өрттен қаза тапқан балалардың оқиғасынан кейін тапсырма берді

Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Астанада өрт салдарынан қаза болған балалардың жақындары мен туыстарына көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Астанада өрт салдарынан қаза болған балалардың жақындары мен туыстарына көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет отырысы барысында Бақытжан Сағынтаевқа жергілікті биліктегілердің қайғылы жағдайдан кейін қандай шара қолданып жатқаны баяндалды.

Реклама
Реклама

"Өрттен бес бала қаза тапты. Бұл сұмдық жағдай болды, ата-анасы бес баласынан айырылды. Оларға күш, сабыр берсін. Барлық жақынына көңіл айтамыз", - деді премьер-министр.


Әлеуметтік желілерден алынған сурет

Астана әкімі Бақыт Сұлтанов арнайы комиссия құрылғанын хабарлады.

"Ата-анасымен жұмыстар жүргізіліп жатыр, сондай-ақ, отбасыға әрі қарай қандай көмек көрсетілетіні жайлы талқылап жатырмыз. Мұндай жағдайлар қайталанбауы үшін жүйелі түрде жұмыстар жүргізіліп жатыр. Алдағы уақытта аудандық әкімдіктегілер мен Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттегілермен біріге отырып, тексеріс жұмыстары жүргізіледі, жекеменшік үйлердің тұрғындарымен түсіндіру жұмыстары өтеді", - деді Астана әкімі.

Ал ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов өртке ненің себеп болуы мүмкін екенін айтты.

"Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің шығуына өрт қауіпсіздігі талаптарының орындалмауы себеп болуы мүмкін. Балалар қараусыз қалған. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 7 минутта барды, жедел жәрдем қызметіндегілер де уақтылы келді. Бірақ көмек көрсете алмады", - деді Қасымов.

Бақытжан Сағынтаев таяуда еліміздің бірнеше өңірінде ауа температурасы төмендейтінін айтып, барлық қызметтің техника қауіпсіздігі ережелерін бақылауы қажет екенін ескертті.

"Техника қауіпсіздігі ережелеріне мән беріңіздер. Ішкі істер министрі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, жылыту маусымы аяқталғанға дейін өрт қауіпсіздігі шараларын жаңартсын. Қалмұханбет Қасымов, барлық ұйым, тұрғын-үй коммуналдық қызметтегілердың тұтынушыларды жылу мен жарықпен қамтамасыз етуін өз бақылауыңызға алыңыз. Барлығы нақты және ешбір апатсыз жұмыс істеп тұруы тиіс. Әкімдіктегілер де бұл мәселені бақылауға алуы керек. (...), - деді премьер-министр үкімет отырысы барысында.

Астанада болған төтенше жағдайдың хронологиясы

Еске салайық, 4 ақпанда Астанада жекеменшік үйдегі өрт салдарынан бес бала қаза тапқан еді. Қайғылы оқиға Сарыарқа ауданы Шыңғыстау көшесінде болды. Өрт шағын баспанада болған, алайда отбасы осы үйде төрт жыл бойы тұрып келген. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kaz.Tengrinews (@kaz.tengrinews) 4 Фев 2019 в 9:44 PST


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная