06 шілде 2020 | 17:55

Сағынтаев жаңа стационар үшін неге Halyk Arena таңдалғанын түсіндірді

Алматы әкімі Бақтыжан Сағынтаев стационар ретінде неге Halyk Arena мұз айдыны таңдалғанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы әкімі Бақтыжан Сағынтаев стационар ретінде неге Halyk Arena мұз айдыны таңдалғанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Онлайн-брифинг барысында әкім мұз айдынының ғимараты қосымша төсек-орын орналастыруға өте қолайлы екенін айтты.

Реклама
Реклама

"Басында неге спорт аренасы деген сұрақтар болды. Себебі ол өте дайын, желдету бойынша барлық қажетті стандартқа сай. Біз қазір оттегіні қамтамасыз ету бойынша барлық мәселені пысықтадық. Бөлек реанимация болады. Бұл стационар қажетті медициналық жабдықтармен қамтамасыз етіледі", - деді Сағынтаев.

Ол таңдаудың тағы бір себебі - аумағының үлкендігіне байланысты екенін айтты.

"Біз әр жерге шашырап кетсек, медицина қызметкерлері жетпей қалады", - деп толықтырды әкім.

Бұған дейін өңірде 4232 төсек-орны бар 19 стационар жұмыс істеп тұрғаны хабарланған болатын. Эпидемия басталған уақытпен салыстырғанда бұл көрсеткіш 9 есеге өскен. Айта кету керек, ертең 150 адамға арналған тағы бір стационар ашылғалы отыр.

Апта соңына дейін урология ғылыми орталығы базасында тағы 150 адамға арналған стационар ашу жоспарда бар. Сондай-ақ, бұған дейін хабарлағанымыздай, "Халық арена" базасында стационар ашылады. Оның алғашқы 200 төсек-орны осы аптаның соңында пайдалануға берілмек.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная