21 мамыр 2016 14:39

Сағынтаев жер реформасы жөніндегі комиссияның кезекті отырысын қорытындылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бақытжан Сағынтаев. © Facebook.com/primeminister.kz Бақытжан Сағынтаев. © Facebook.com/primeminister.kz

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Бахытжан Сағынтаев жер реформасы жөніндегі комиссия отырысын қорытындылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Премьер-министрдің бірінші орынбасары Бахытжан Сағынтаев жер реформасы жөніндегі комиссия отырысын қорытындылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жер сатыла ма, сатылмай ма, сатылса қандай жағдайда сатылады деген сұрақтар қойылды. Тағы бір жағдай - комиссия мүшелері Қазақстан азаматтарына жерді сатып қана қоймай, жалға беру туралы норманы қалдыру мәселесін де қозғады", - деді Сағынтаев.

"Бірден шешім қабылданбайтыны түсінікті. Өңірлерді аралаймыз деп келістік. Халықтың пікірін тыңдап, ұсынысымызды ары қарай Парламентке беру үшін пысықтаймыз", - деді ол.

Сағынтаевтың айтуынша, отырыс барысында жерді қазақстандықтарға тегін беру мәселесі де қарастырылған. Ол бұл сұрақтың жұмыс топтарының отырысы барысында қарастырылатынын жеткізді.

"Комиссияның 38 мүшесі өз ойларын жеткізді. Келесі отырыста біз жерді шетелдіктерге жалға береміз бе, бермейміз бе, соны талқылайтын боламыз. Содан кейін, осы үлкен екі тақырып айтылып, талқыланып біткеннен соң халыққа шығатын шығармыз, ол үшін де өзіміздің позициямыз, ұсынысымыз болуы керек. Ондай ұсыныс болмаса жай халыққа бару қисынсыз, олар да бізден ұсыныс күтіп отыр", - деді Сағынтаев.

Айта кетейік, бүгінгі отырыс барысында жұмыс топтарының жетекшілері сайланды. Экономикалық мәселелермен Ақылбек Күрішбев (Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ректоры), құқықтық мәселелермен - Мұхтар Тайжан, жер реформасын түсіндірумен - Мұрат Әбенов, рәсімдердің заңдылығы мен ашықтығын қамтамасыз етумен Дос Көшім айналысады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети