Сағынтаев "Қазақ ұлттық университеті жерін сатуға" қатысты пікір білдірді

Фото: kaznu.kz

Бақытжан Сағынтаев халыққа есеп беру кездесуінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аумағында жер сату туралы қауесетке қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бақытжан Сағынтаев халыққа есеп беру кездесуінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аумағында жер сату туралы қауесетке қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кездесуде Бостандық ауданының тұрғыны Әнипа Сұрапбергенова ҚазҰУ түлегі екенін және ол университет жерін жекеменшікке беру туралы қауесет естігенін айтты. Әйел қала әкімінен бұл ақпараттың қаншалық рас екенін сұрады.

Бақытжан Сағынтаев жоғары оқу территориясын ешкім жекеменшікке бермейтінін айтты.

Реклама
Реклама

"Университет айналасындағы барлық аумақ университетке тиесілі. Егер ЖОО бұл жерді басқа біреуге бергісі келсе, онда ол әкімдікке "жер маған керек емес, оны кері қайтарып ал" деген ұсыныс айту керек. Қазір университетке жаңа ректор тағайындалды (Жансейіт Түймебаев - еск.). Біз онымен кездесіп, осы тақырып туралы сөйлестік. Ол жерді беру мүмкін емес, бұл дұрыс емес және бұл университетті дамыту үшін қажет деп нық айтты. Бұл - оның ұсынысы. Сондықтан бүгінде жоғары оқу орнының территориясын басқа біреуге беру туралы әңгіме жоқ екенін тағы айтқым келеді", - деп түсіндірді Сағынтаев.

 

Айта кетейік, бұған дейін желіде ҚазҰУ-ға тиесілі Алматыдағы жер учаскесі жеке тұлғаға берілді деген ақпарат пайда болды. Кейін жоғары оқу орнына университеттің жер телімдерін сатқаны үшін айып тағылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама