ПОДЕЛИТЬСЯ
12 ақпан 2019 | 12:09
Сағынтаев ТЖК басшысының орынбасарын жұмыстан босатты
Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Төтенше жағдайлар комитеті басшысының орынбасары Барат Дұзақбаевты жұмыстан босатуды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Төтенше жағдайлар комитеті басшысының орынбасары Барат Дұзақбаевты жұмыстан босатуды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Төтенше жағдайлар комитетінің басшысының орынбасары Барат Дұзақбаев жұмыстан босатылсын, ол ұзақ уақыт Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаментін басқарған", - деді Сағынтаев үкімет отырысында.
"Өздеріңіз көріп отырғандай, өрт және су тасқыны мәселелеріне аса қатты назар аудару керек. Осыған байланысты ІІМ мен әкімдерге өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек және оның алдын алу шаралары жасалуы тиіс. Оның ішінде көпбалалы, жағдайы төмен отбасылар және мүгедек адамдар мен зейнеткерлердің үйлеріне назар аударылуы керек", - деді үкімет басшысы.
Премьер-министр Президент әкімшілігіне ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильинге сөгіс жарияу туралы ұсыныс жолдайтынын айтты. Қатаң сөгісті Төтенше жағдайлар комитетінің басшысы Владимир Беккер алды. Оған қоса, Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы қызметін атқарушы Марғұлан Аманбаевқа да қатаң сөгіс жарияланды. Себебі "ол ұзақ уақыт Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарған".
Еске салайық, Астанада жекеменшік үйдегі өрт салдарынан бес бала қаза тапқан еді. Қайғылы оқиға Сарыарқа ауданы Шыңғыстау көшесінде болды. 4 ақпанда сағат 02:34-те 101 пультіне жеке тұрғын үй аумағындағы уақытша құрылыстан өрт шыққаны туралы хабарлама келді. Өрт 30 шаршы метр аумақты шарпып, кейін 25 шаршы метр шатырды құлатқан.
Тілсіз жау 03:06-да оқшауланып, 03:24-те сөндірілді. От сөндіру барысында 2006, 2008, 2013, 2015 және 2018 жылдары дүниеге келген бес баланың мәйіті табылды. Ата-анасы жұмыста болған.
Показать комментарии
Читайте также