09 қараша 2020 | 18:21

Сағынтаев: Тұрғын үй құрылысының қарқыны жақсы

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев тұрғын үй, мектептер мен балабақшалар құрылыстарының барысымен танысты.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев тұрғын үй, мектептер мен балабақшалар құрылыстарының барысымен танысты.

Реклама
Реклама

Алматы әкімі Instagram-дағы өзінің парақшасында "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша салынып жатқан көппәтерлі тұрғын үй кешендері құрылыстарының барысы туралы айтып берді.

"Тұрғын үй құрылысының қарқыны жақсы. Жыл қорытындысы бойынша барлық бағыт бойынша 2 396 мың шаршы метр тұрғын үйді тапсыру жоспарда бар. Бұл 2019 жылға қарағанда 300 мың шаршы метрге артық", - деп жазды мегаполис әкімі.

Оның айтуынша, "Жаңа Алматыда" ауқымды құрылыс басталды. Наурызбай ауданында "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша 217 840 шаршы метрді құрайтын 127 көппәтерлі "Alma City" тұрғын үй кешені салынуда. Ағымдағы жылы - 100 үй, келесі жылы қалғандары пайдалануға беріледі.
 
Жыл соңына дейін ауданы 27 371 шаршы метр болатын "Нұрлы дала" ТК-да 8 үй тапсырылады. Алатау ауданында ауданы 43 620 шаршы метр болатын 22 үйден тұратын "Мәдениет" ТК салынып жатыр. 16 үй жыл соңына дейін пайдалануға берілсе, қалғаны келесі жылға жоспарланған. Кешенді түрде бой көтеріп келе жатқан ықшамаудандарда әлеуметтік мақсаттағы нысандарға мән беріледі.

Жалпы, 2020 жылы 2 396 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған, оның ішінде коммерциялық - 1 591 мың шаршы метр немесе 17 420 пәтер, мемлекеттік бюджет есебінен - 290 мың шаршы метр немесе 5 206 пәтер, жеке тұрғын үй құрылысы - 510 мың шаршы метр немесе 2062 үй, жатақханалар - 4,6 мың шаршы метр.
 
Бұдан өзге, Алматы әкімі мектеп құрылыстарының қарқынын тексерді. Өйткені, қала тұрғындары көтеретін өзекті мәселенің бірі – мектептердегі орын тапшылығы. Әуезов ауданының Жетісу-2 ықшамауданындағы №117 мектептің жанынан 900 орынды қосалқы нысан салынуда. Ал, Наурызбай ауданындағы №186 мектеп жанынан 513 оқушы орынды нысан салынуда әрі 120 орынды балабақша бой көтеруде.
 
"«Жалпы келесі оқу жылының басында мектептерге жапсарлас салынатын 8 818 орынды 17 қосымша құрылыс нысанын тапсыруды жоспарлап отырмыз. 2021 жылдың соңына дейін Алатау, Наурызбай, Түрксіб аудандарында 12 600 орынға арналған 8 мектеп ашылады", - деп жазды  Сағынтаев.

Сонымен қатар, қала әкімі Қалқаман ықшамаудандағы құрылыс алаңында болды, мұнда №7 қалалық аурухананың 48 төсек-орындық қабылдау бөлімінің жаңа корпусы салынуда. Алмалы ауданындағы Сән және дизайн колледжінің жанынан салынған 80 орындық қосалқы нысанның құрылысы аяқталды.
 
"Салынып жатқан барлық нысандағы жұмыстың сапасын бақылауға алуды және оларды мерзімінде пайдалануға беруді тапсырдым. Аулалардың,  кіре беріс жолдардың абаттандырылуы және заманауи құрылғылардың жеткізілуі басты назарда болуы тиіс", - деп атап өтті Алматы әкімі. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная