ПОДЕЛИТЬСЯ
11 мамыр 2021 | 11:25
Сағынтаев Үндістаннан студенттерді "жасырып" әкелмек болғандар туралы айтты
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қазір коронавирустың жергілікті штамы өршіп тұрған Үндістаннан қалаға студенттер алып келмек болғандар туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қазір коронавирустың жергілікті штамы өршіп тұрған Үндістаннан қалаға студенттер алып келмек болғандар туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әкімнің айтуынша, Алматыға студенттерді ЖОО-лар әкелгісі келген, бұл жоспарлы іс-шара болған.
"Бізде ұлыбританиялық және өңтүстікафрикалық штамм бар. Енді үндістандық қалған еді. Жақында бізде Үндістаннан жоспарлы түрде студенттерді әкелгісі келгендер болды. Ол жақтан бәрі қашып жатыр. Ал біздің кейбір ректорымыз университетке доллармен ақша табу үшін Үндістаннан студенттер шақырып жүр, олар бізге үнді штамын әкеледі деп ойлап отырған жоқ.
Ешкімге білдіртпей әкелмек болған, бірақ біз оны тоқтаттық", - деді Алматы әкімі мәслихат сессиясында.
Еске салайық, наурыздың басында үнді ғалымдар қос мутациясы бар коронавирустың жаңа, жұқпалырақ штамы пайда болғанын хабарлады. Алайда жергілікті билік сайлау қарсаңында жаппай жиналыстар мен діни іс-шараларды шектеуден бас тартты.
Осыған байланысты елде соңғы апталарда ауру күрт өсті. Қазір әлемде вирус жұқтырғандардың жартысына жуығы Үндістанға тиесілі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также