Сағынтаев әкімге: Теміртаудағы үйлерге қашан жылу беріледі?

© online.ua

?Р премьер-министрі Ба?ытжан Са?ынтаев ?ара?анды облысыны? ?кімі Н?рм?хамбет ?бдібековке Теміртауда?ы ?йлерді? жылусыз отыр?анына ?атысты сын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібековке Теміртаудағы үйлердің жылусыз отырғанына қатысты сын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жылыту маусымы басталғаннан бері Теміртаудағы "Арселлормиттал Теміртау" жылыту станциясында 17 апатты жағдай болған. Кейбір күндері су 15 градусқа дейін де жылжымайды. Тұрғын үйлердегі температура - 16 градус, ауа температурасы төмендегенде үйдегі бөлме температурасы 12 градусқа де жетпейді", - деді премьер-министр Қарағанды облысының әкіміне.

"Расында да соңғы үш күнде апат жағдайлары көбейді. №5 және №2 жылыту қазандықтары істен шықты. Жылыту маусымы басталғалы бері жылу бермеген күніміз болған жоқ. Төтенше жағдайдың алдын алу үшін барлық шара қолданылып жатыр", - деп жауап берді облыс әкімі. 

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, облыс әкімі 29 желтоқсанға қарай жағдай тұрақталады деп уәде берді.

Tengrinews
Автор сұрағы
news5
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама