Сағынтаев азаматтардың тіркелу нормалары туралы ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды

© pm.kz

?Р премьер-министрі Ба?ытжан Са?ынтаев ?кімет отырысы барысында министрліктерге азаматтарды? келген жерінде уа?ытша тіркелу нормалары мен ережелері туралы ау?ымды т?сіндіру ж?мыстарын ж?ргізуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрді? сайтына сілтеме жасап.

ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Үкімет отырысы барысында министрліктерге азаматтардың келген жерінде уақытша тіркелу нормалары мен ережелері туралы ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.

"Қазір қоғамда, бұқаралық ақпарат құралдарында азаматтардың уақытша тіркелуіне қатысты тақырып белсенді түрде талқылануда. Адамдардың сауалдары көп, ал ақпарат жеткіліксіз. ХҚКО-ларда кезек көбейген", - деді Сағынтаев.

Премьер-министр ҚР ІІМ-іне ҚР АКМ-мен бірлесіп жаңашылдықты түсіндіру бойынша ауқымды ақпараттық жұмыстар жүргізуді және тіркеу шарасын барынша жедел жүзеге асыруды тапсырды. Сағынтаев бұл "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының да міндеті екенін еске салды.

Реклама
Реклама

Бақытжан Сағынтаев азаматтарға олар үшін қолайлы уақытта тіркелуге мүмкіндік беру керектігін және ол үшін ХҚКО-ында жұмыс істейтін терезелер санын барынша көбейтіп, қызмет көрсететін операторлар санын жеткілікті ету керектігін атап өтті.  

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама