Сағынтаев Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысының жұмысына қатысып жатыр

© primeminister.kz

Са?ынтаев Еуразиялы? ?кіметаралы? ке?ес отырысыны? ж?мысына ?атысып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ?кімет басшысыны? сайтына сілтеме жасап.

Сағынтаев Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысының жұмысына қатысып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі үкімет басшысының сайтына сілтеме жасап.

Отырыс барысында ЕАЭО кеңістігінде дәрі-дәрмек айналысы саласын реттейтін құжатқа қол қою жоспарланып отыр. Аталған құжаттың қабылдануы дәрі-дәрмек нарығындағы жалпы айналымды тиімді ретке келтіріп, жұмыспен қамтуға, контрафактілік өніммен күресуге, дәрі-дәрмектердің сапасын арттыруға және олардың бағасын төмендетуге мүмкіндік береді.

ЕАЭО елдерінің үкімет басшылары отырысының негізгі күн тәртібі - Кедендік кодекс жобасын қабылдау мәселесін талқылау. Ол ұқсас халықаралық құжаттарды есепке ала отырып әзірленген.

Реклама
Реклама

Израиль мемлекеті ЕАЭО-мен ынтымақтастыққа мүдделі екендігін білдірді.

Еске сала кетейік, биылғы жылды, Қазақстанның ЕАЭО-қа төрағалық етуімен, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық экономикалық одақтың үшінші елдермен және маңызды интеграциялық бірлестіктермен экономикалық қарым-қатынасын нығайту жылы ретінде жариялаған. Келесі жылы ЕАЭО-ға төрағалық ету Қазақстаннан Қырғызстанға табысталады.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама