ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 09 қазан 2016 10:38
Сағынтаев Өзбекстанның вице-премьерімен кездесті
Кеше Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Өзбекстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Улугбек Розукуловпен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.
Кездесуге қатысушылар екі ел арасындағы тауар айналымын арттыру, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы инвестициялық байланыстарды нығайту, сондай-ақ химия, мұнай химиясы салаларындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық бойынша бұған дейін қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыруды одан әрі жалғастыруға әзір екендіктерін жеткізді.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу