Сағынтаев ветеринарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ықпалды шараларға көшуді тапсырды

© pm.kz

?Р премьер-министрі Ба?ытжан Са?ынтаев ?кімет отырысы барысында ?аза?станда?ы ветеринарлы? ?ауіпсіздікті ?амтамасыз ету бойынша бір?атар тапсырмалар берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрді? сайтына сілтеме жасап.

ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Үкімет отырысы барысында Қазақстандағы ветеринарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша бірқатар тапсырмалар берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.

Бақытжан Сағынтаев ветеринарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын, алайда жоспарланған іс-шаралардың барлығы бірдей орындалмағанын атап өтті.

ҚР премьер-пинистрінің орынбасары - ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметовке ветеринарлық қызметтердің жұмысын бақылауды күшейтуді және мал қорымдары мен сібір жарасымен ауырған малдардың қорымдарын Мемлекеттік жер кадастрының ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етуді тапсырды.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, премьер-министр жоспарланған мерзімге дейін Қазақстанның 5 облысының вакциналаумен аусылдан азат аймақ мәртебесін алуы үшін жұмыс жүргізуді тапсырды.

Еске салсақ, бүгінгі таңда республикамыздың қалған 9 облысының аумағы ресми түрде вакциналаусыз аусылдан азат аймақ болып танылды. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news6
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама