15 қазан 2024 | 10:16

Сақ болыңыз! Антикор қазақстандықтарға үндеу жасады

Фото:depositphotos.com

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қазақстандықтарға "Халық заңгері" республикалық акциясы атын пайдаланатын алаяқтарға қатысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қазақстандықтарға "Халық заңгері" республикалық акциясы атын пайдаланатын алаяқтарға қатысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Алаяқтар жалған бейнероликтерді интернетте таратып, Қазақстан азаматтарының басым көпшілігін адастыруға ұмтылады. Жасанды интеллект технологиясымен жасалған бұл материалдар мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы таратылып жатыр. Алаяқтар адамдарды ақылы негізде адвокатпен байланысу үшін сілтемелерді басуға және жеке мәліметтерін беруге үгіттейді", - делінген хабарламада.

Бейнежазбалар монтаж арқылы кадрлардан құралып, жалған дыбыс қосылған.

Реклама
Реклама

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Халық заңгері" акциясы аясындағы барлық заң консультациялары тегін негізде берілетінін еске салады.

"Бұл азаматтық қоғамды дамытуда, құқықтық сауаттылықты арттыруда және халыққа заңгерлік көмек көрсетуде маңызды рөл атқарады. Айта кету керек, "Халық заңгері" республикалық акциясы тек офлайн форматта өткізіледі. Халықты жалған ақпараттарға сенбеуге, күмәнді сілтемелерге өтпеуге, сондай-ақ қаражат аудармауға шақырамыз. Осындай қоңыраулар мен таратылымдарды алған жағдайда, осы деректер туралы Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына дереу хабарлауды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная