30 желтоқсан 2020 | 16:47

Сал ауруына шалдыққан алматылық қызға сүйікті әншісі қонақ болды

Видеодан кадр

Алматы полицейлері сал ауруына шалдыққан 10 жастағы қызға жақсы көретін әншісімен кездесу ұйымдастырды. Әсерлі кездесудің видеосын қалалық ПД баспасөз қызметі жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы полицейлері сал ауруына шалдыққан 10 жастағы қызға жақсы көретін әншісімен кездесу ұйымдастырды. Әсерлі кездесудің видеосын қалалық ПД баспасөз қызметі жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

10 жастағы Айғаным Мелісбек - ПД конвой қызметі батальонының қызметкері Жарас Оразбаевтың қызы. Оған кішкентайынан ДЦП диагнозы қойылған. Биыл полицейлер Айғанымның арманын орындау үшін сүйікті әншісін қонаққа шақырған.

Реклама
Реклама

"Біз әріптестерімізбен Жаңа жыл қарсаңында мүмкіндігі шектеулі балалардың, оның ішінде ерекше бала тәрбиелеп отырған өз қызметкерлеріміздің балаларының арманын орындаймыз деп шештік. Айғаным әнші Төреғали Төреәлінің әндерін жақсы көреді екен. Айғанымның арманын орындап, қонаққа келгені үшін оған алғыс айтамыз", - деді Алматы ПД бастығының орынбасары Әбдуәли Нашарбеков.

Ведомство жариялаған видеода балалардың жаңажылдық сыйлыққа қуанып жатқан сәті көрсетілген. Ал Айғаным Төреғали Төреәлімен бірге ән айтты.

Айта кетейік, департамент полицейлері Жаңа жыл қарсаңында қызметтік міндетін орындау кезінде қайтыс болған 50-ге жуық және мүгедек бала тәрбиелеп отырған 40 отбасына барды. Полицейлердің өзі аяз ата мен ақшақор болып киініп келді.

Алматы ПД Кадр саясаты басқармасының дерегіне сүйенсек, қалалық полицияның жеке құрамы және бөлімшелерінің 42 қызметкері мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная