28 наурыз 2021 19:28

Салдары ауыр - Сағынтаев COVID-19 жаңа штамдары туралы

Фото: Тұрар Қазанғапов

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев "ұлыбританиялық" және "оңтүстікафрикалық" SARS-CoV-2 вирустары туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев "ұлыбританиялық" және "оңтүстікафрикалық" SARS-CoV-2 вирустары туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Алматы" телеарнасындағы Akimat LIVE тікелей эфирінде Бақытжан Сағынтаев жаңа вирустың түрі "Ухан вирусына" ұқсамайтынын айтты.

"Қазір таралып жатқан COVID-19 штамдарының түрі басқа. Былтырдан бері күресіп келе жатқан вирустан айырмашылығы бар. Егер репродуктив көрсеткішке қарасақ, "ұлыбританиялық" және "оңтүстікафрикалық" штамдарды көп адам жұқтыратынын және салдары ауыр екенін көруге болады. Таңертеңгі статистика бойынша 510 коронавирус жұқтыру жағдай тіркелген, оның 417-сі симптомдары бар. Егер бұрын симптомсыз жұқтыру дерегі көп болса, қазір жағдай өзгерген", - деді Бақытжан Сағынтаев.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, сенбі, 27 наурызда Алматының бас мемлекеттік санитария дәрігері Жандарбек Бекшин қалада күшейтілген карантин шараларын 12 сәуірге дейін ұзартты. Шектеулер туралы мына жерден оқи аласыз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram