03 қыркүйек 2019 | 09:18

"Салмақты сөз таппадық". Қазылар елорда әнұранын таңдай алмады

© pixabay.com

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі өткізген елорданың үздік әнұраны байқауының неліктен өтпей қалғаны белгілі болды. Байқаудың не себепті кейінгі қалдырылғаны туралы қазылар алқасының төрағасы ақын Несіпбек Айтұлы айтып берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі өткізген елорданың үздік әнұраны байқауының неліктен өтпей қалғаны белгілі болды. Байқаудың не себепті кейінгі қалдырылғаны туралы қазылар алқасының төрағасы ақын Несіпбек Айтұлы айтып берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, елорданың үздік символикасы байқауының бірінші кезеңінде 100-ге тарта шығарма түскен.

Реклама
Реклама

"Барлығы сол "жасасын, Астана!", "жас қала, менің мақтаным" деген сияқты жадағай болып келеді, жарқ ететіндей жаңа ой, салмақты сөз, айшықты образ таппадық. Содан кейін қайта бір көрейік деп қайтадан байқау жарияладық. Оған 68 шығарма түсті. Байқау уақытын созып, қайта қараған кезде де алдынғыдан өзгешелік болмады, тағы да жадағай, жаттанды сөздер", - дейді ақын.

Қазылар алқасының құрамына композитор Серік Еркінбеков, Сәкен Әбдірахманов, ақын Серікзат Дүйсенғазин де бар. Олардың пікірінше, Нұр-Сұлтан қаласы әнұранының сөзі де, әні де ерекше, рухты, көркемдігі биік болуы шарт.

"Егер келіп түскен шығармалардың ішінде өте сәтті, әуені де, сөзі де үйлесімді келіп тұрса шығарып жіберуге болар еді, ал, асығыста, шикілі-пісілі, талғамға жауап бермейтін, сын көтермейтін нәрсені әнұран деп тапсақ, оны халық қабылдамай сынға ұшырап жатса, одан қазылар алқасы абырой таппайды", - деді Несіпбек Айтұлы.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная