ПОДЕЛИТЬСЯ
09 сәуір 2024 | 12:49
Салтанат Нүкенованы қылқындырған болуы мүмкін - сарапшы
Бишімбаевтың ісі бойынша сотта сөз алған алматылық сот сарапшысы Тахир Халимназаров Салтанат Нүкенованың денесінде болған қылқындыру ізі туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Бишімбаевтың ісі бойынша сотта сөз алған алматылық сот сарапшысы Тахир Халимназаров Салтанат Нүкенованың денесінде болған қылқындыру ізі туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сарапшының пікірінше, Нүкенованы қолмен қылқындырған болуы мүмкін. Мұны оның денесіндегі жарақаттары көрсетеді.
"Мәйіттің денесінде, мойын аймағында екі сопақша сырылған жер анықталды. Сол жақта мойынның жоғарғы, ортаңғы және төменгі үштен бір бөлігі деңгейінде бірдей пішіндегі көгерулер анықталды. Мәйітті қайталап тексергенде, сипаттама бойынша көздің склерасынан, өкпе плеврасының астында, ең бастысы мойын аймағында қалқанша без артындағы бұлшықеттердің қалыңдығында қан кетулер анықталды. Бұл мойынның қысылуын көрсетеді. Мұның бәрі механикалық асфиксияны көрсетеді, яғни жарақат алған кездегі гипоксия дерегі расталады", - деді Халимназаров.
Судья нақтылау үшін сұрақ қойды: осыдан марқұмды қылқындырған және бұл соққыларға дейін немесе одан кейін болды деген қорытынды жасауға бола ма?
"Жобалап айтқанда, қылқындыру белгілері соны көрсетеді. Жүйелі түрде, жедел гипоксия көрінісінде тез өлім картинасы байқалады, яғни қылқындыру өлімнен аз уақыт бұрын, соққылардан кейін болуы мүмкін", - деді сарапшы.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также