ПОДЕЛИТЬСЯ
22 ақпан 2024 | 17:53
Салтанат Нүкенованың ағасы мейрамханада түсірілген кадрларды жариялады
Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді мейрамхананың қауіпсіздік камерасына түсірілген кадрларды Instagram-парақшасында жариялады. Сондай-ақ, ол сот-медициналық сарапшы қорытындысының үзіндісін де көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді мейрамхананың қауіпсіздік камерасына түсірілген кадрларды Instagram-парақшасында жариялады. Сондай-ақ, ол сот-медициналық сарапшы қорытындысының үзіндісін де көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Амангелдінің айтуынша, оның мұндай қадамға баруына Нүкенованы аяусыздықпен өлтірді деген күдікпен ұсталған бұрынғы министр Қуандық Бишімбаевтың адвокаттары айтқан өтірік мәжбүр еткен.
"Скриншоттарда оның қалай теуіп, ұрып жатқаны анық көрінеді, ал адвокаттары мұндай болған жоқ деп мәлімдеп отыр", - деді ол.
Салтанат Нүкенованың ағасының айтуынша, олардың отбасында Бишімбаевтың Нүкенованы бірнеше рет әр жерінен аяғы және қолымен ұрып, тепкені көрсетілген видео бар.
"Медициналық сараптама қорытындысы (видео кадрларында) бар, онда сарапшылар басынан кем дегенде 13 рет соққы алған деген қорытындыға келеді. Салтанаттың мәйітінің фотосуреттері, мейрамханада еденде жатқаны және денесін ашпас бұырынғы суреттері бар. Түні бойы айғай-шуды естіген куәгерлердің айғақтары бар", - деп қосты Амангелді.
Еске салайық, 9 қарашада экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ұсталғаны белгілі болды. Астанадағы мейрамханалардың бірінде келушілер арасында жанжал шығып, салдарынан бір әйел алған жарақатынан көз жұмған. Болжам бойынша, әңгіме экс-министрдің әйелі туралы. Бишімбаевтың ұсталғаны туралы хабарламамен қатар Астана полициясы ер адамның ұсталғаны туралы пікір білдірді. Бірақ оның аты-жөнін нақтыламады.
Сондай-ақ, сағат 19:54-те астаналық жедел медициналық қызмет көрсету станциясы пультіне қоңырау түскен. Жедел жәрдем бригадасы жеткенде 1992 жылы туған әйелдің қаза болғаны расталды. Кейін марқұмның 31 жастағы Салтанат Нүкенова екені белгілі болды. Ол - Қуандық Бишімбаевтың әйелі.
Кейінірек экс-министр Қуандық Бишімбаев екі ай мерзімге қамауға алынғаны белгілі болды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также