03 сәуір 2024 16:08

Салтанат Нүкенованың анасы сот залынан шығып кетті: марқұмның денесін қарау хаттамасы оқылды

© Tengrinews.kz 2024. Тұрар Қазанғапов

Бүгін Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысы кезінде марқұмның анасы Салтанат Нүкенова сот залынан шығып кетті. Ол прокурор Айжан Аймағанова марқұмның денесіне сараптама жүргізу хаттамасын оқи бастағаннан кейін залдан шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сот отырысында прокурор Айжан Аймағанова марқұм Салтанат Нүкенованың денесін сараптамадан өткізу хаттамасын оқыды. Бұған дейін судья Айжан Кулбаева марқұмның отбасына қажет болған жағдайда сот залынан шығуды ұсынды. Нүкенованың анасы бұл құқығын пайдаланды.

Бұған дейін Бишімбаев сотта Нүкенованы қалай ұрғанын айтып берді. Ал Бишімбаев оның беті көгергенін көргенде "көріпкелге" хабарласқанын айтады.

Еске салайық, бүгін Астанада әйелі Салтанат Нүкенованы қинады және өлтірді деп айып тағылып отырған Қуандық Бишімбаевтың соты жалғасып жатыр. Айғақ беру кезінде экс-министрдің қорғаушысына сот пен процеске қатысушыларды жаңылыстырғаны үшін ескерту жасалды.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram