ПОДЕЛИТЬСЯ
01 сәуір 2024 | 12:40
Салтанат Нүкенованың анасы сотта өз эмоциясын жасыра алмады
Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот отырысы өтіп жатқан сотта Салтанат Нүкенованың анасы эмоциясын жасыра алмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот отырысы өтіп жатқан сотта Салтанат Нүкенованың анасы эмоциясын жасыра алмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бишімбаев куәлік бере бастаған кезде марқұмның анасы орнынан тұрып, өз эмоциясын жасыра алмады.
"Мен әйелім Салтанатты қасақана, саналы, жоспарлы түрде ерекше қатыгездікпен өлтіру дерегін мойындамаймын...", - деп бастады сөзін Бишімбаев.
Осы кезде марқұмның анасы ашуланып кеткен.
"Тоқта, қалай ерекше қатыгездікпен (мойындамайсың – еск.)? Мен қызымды көрмедім, жерлемедім, бетін көрмедім. Қалай оны ешқандай қатыгездік көрсетпей ұрдың? Мұны қалай айтып тұрсың? Олар маған көрсетпеді, өйткені мен тек осы балам үшін өмір сүруім керек", - деді ол.
Осы кезде әйел баласы және Салтанаттың ағасы Айтбек Амангелдіні нұсқады.
"Сен оны бірнеше сағатта өлтірдің. (...) Оны сегіз сағатта өлтірдің. Өткеніңді айтып берейін бе? Баланы қалай өлтірдің", – дейді процеске қатысушы.
Судья Айжан Кулбаева қатысушылардан сот залында тәртіпті сақтауды сұрады.
"Басқа бөлмеге өтіңіз немесе сот залында тыныштық сақтаңыздар", - деді Кулбаева.
Еске салайық, Қуандық Бишімбаев кешірім сұрап, кешірім күтпейтінін мәлімдеген. Сондай-ақ, ол Салтанат Нүкенованы қасақана өлтіргені үшін кінәсін мойындамайтынын, оның өліміне өзінің қатысы бар екенін мойындайтынын қайталады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также