Кеше | 10:21

Салық қызметкерлері қазақстандықтарға маңызды үндеу жасады

Фото:depositphotos.com

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгінде интернет-алаяқтар салық төлеушілердің электронды пошталарына немесе әлеуметтік желілерде хабарлама түрінде "Заңбұзушылықтарды жою туралы ескерту. Бюджетке қарызды банктік шоттардағы ақша есебінен өндіріп алу" деген тақырыппен жалған хабарламаларды жіберуді жалғастырып жатыр", – делінген хабарламада.

МКК заңға сәйкес барлық хабарламалар автоматты түрде нөмірленіп, жүйелі түрде қалыптасатынын еске салды. Хабарламалар тек "Салық төлеушінің кабинеті", eGov порталы және e-Salyq қосымшаларына жіберіледі. Кейбір хабарламалар жеке кабинетте бірден қолжетімді болады. Камералды бақылау бойынша хабарламаларды КНП немесе eGov арқылы PDF форматында сұратуға болады.

Реклама
Реклама

"Осыған байланысты МКК жалған хабарламаларға сенбеуді, ақша аудармауды, күмәнді сілтемелерге өтпеуді және алынған хабарламаларды тексеруді ұсынады. Маңызды! МКК ақпараттық жүйелерінен салық төлеушілердің электронды поштасына хабарламалар жіберілмейді", – деп ескерткен комитет.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Вопрос от редакции
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная