Салық органдары қазақстандық блогерлер декларациялаған соманы атады

203
Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

13 наурыздағы жағдай бойынша 63 блогер қосымша 2 768 400 000 теңге табысын өз еркімен декларациялады. Бұл туралы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

13 наурыздағы жағдай бойынша 63 блогер қосымша 2 768 400 000 теңге табысын өз еркімен декларациялады. Бұл туралы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Осы көрсетілген сомадан блогерлер 105 миллион теңге салық төлеген.

Бұған дейін Қаржы министрлігі қазақстандық блогерлердің табыстарын көрсете бастағанын мәлімдеген болатын. Ведомство ай аяғына дейін нақты мәліметтерді тексеріп, жариялауға уәде берді.

Реклама
Реклама

Еске салайық, жақында интернетте блогерлердің болжамды табыстары көрсетілген тізім пайда болды. Мемлекеттік кірістер комитеті бұл тізімге қатысы жоқ екенін мәлімдеді. Дегенмен құжатта құпия ақпараттар болған, сондықтан оның желіге кездейсоқ таралуы мүмкін емес.

Кейінірек вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин 15 блогер бюджетке 75 миллион теңге салық төлегенін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная