18 наурыз 2024 | 10:23

Салық шегерімдері арқылы жалақыны қалай көбейтуге болады?

Фото: depositphotos.com/amixstudio

Ипотекалық несиесі бар қазақстандықтар салық шегерімі арқылы, "қолына алатын" жалақысын көбейте алады. Мұны қалай дұрыс жасау керек екенін Tengrinews.kz тілшісі анықтады.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ипотекалық несиесі бар қазақстандықтар салық шегерімі арқылы, "қолына алатын" жалақысын көбейте алады. Мұны қалай дұрыс жасау керек екенін Tengrinews.kz тілшісі анықтады.

Мемлекеттік кірістер комитеті Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына берген жауабында көрсеткен мәлімет бойынша, Қазақстанның резиденті болып табылатын жеке тұлғаның Қазақстандағы тұрғын үй жағдайларын жақсартуға тұрғын үй құрылыс жинақ банктерінен алынған ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы сомасы мөлшерінде салық шегеріміне құқығы бар.

Салық шегерімдерін қолдану үшін растайтын құжаттардың көшірмесін қоса отырып, өтініш беру керек. Оларға мыналар жатады:

Реклама
Реклама
  • Тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен тұрғын үй ипотекалық несие шарты.
  • Сыйақы сомасын бөлінген ипотекалық тұрғын үй несиесін өтеу кестесі.
  • Несие бойынша сыйақыны өтеуді растайтын құжат.

"Салық шегерімдері мынадай күндердің ең кеші келетін салық кезеңінде қолданылады: ипотекалық тұрғын үй қарызын өтеу кестесі бойынша сыйақыны өтеу күні; сыйақыны төлеу күні", - деп нақтылады комитет.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная