09 ақпан 2021 | 11:07

Салықшыларға жемқорлықты азайту үшін бірыңғай форма беріліп, жалақы көтеріледі

Фото: elements.envato.com

Қазақстанда салық қызметкерлерінің жалақысын көбейтіп, бірыңғай киім үлгісін енгізуді жоспарлап отыр. Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, бұл шаралар жоғары білікті кадрларды сақтап, сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда салық қызметкерлерінің жалақысын көбейтіп, бірыңғай киім үлгісін енгізуді жоспарлап отыр. Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, бұл шаралар жоғары білікті кадрларды сақтап, сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен "Адалдық алаңы" жобалық кеңсесі өкілдерінің айтуынша, мемлекеттік кірістер қызметкерлері жалақы төмендігінен, әлеуметтік қорғансыздық пен жауапкершіліктің жоғары болуынан сыбайлас жемқорлыққа жол береді. 

Осы себепті, алған білімдері мен дағдыларын жиі қолданатын тәжірибелі жұмысшылар жұмыстан кетуге мәжбүр. Осыған байланысты базалық жалақыға үстемақы және бірыңғай киім үлгісін енгізу ұсынылды", - деді қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев үкімет отырысында.

Реклама
Реклама

Оның айтуынша, бұл шаралар жоғары білікті кадрларды жұмысқа тартуға, сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге, сондай-ақ мемлекеттік кіріс органдарының мәртебесін арттыруға мүмкіндік береді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная