ПОДЕЛИТЬСЯ
14 қаңтар 2022 | 08:57
Самат Әбіш еңбек демалысында - ҰҚК
Самат Әбіш ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары қызметінде қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Самат Әбіш ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары қызметінде қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметінің өкілі мәлімдеді.
"Келіп түскен сұраныстарға байланысты Самат Әбіш ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары қызметінде екенін хабарлаймыз. Қазір ол жыл кезекті еңбек демалысында", - делінген хабарламада.
Кейінірек ҰҚК сайтындағы хабарлама нақтыланғаны белгілі болды. Самат Әбіш 13 қаңтардан бастап жыл сайынғы еңбек демалысында.
Еске салайық, 5 қаңтарда Мұрат Нұртілеу Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары қызметінен босатылып, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалған еді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также