Самат Әбішке сот үкімі шықты - депутат

Самат Әбішке сот үкімі шықты - депутат Фото:gov.kz

ҰҚК төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбіш қаңтар оқиғасы бойынша 8 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи Facebook-парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның сөзінше, үкім 26 ақпанда шыққан.

"26 ақпанда Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының экс-бірінші орынбасары Самат Әбіш жабық соттың шешімімен 8 жылға шартты түрде сотталды", - деп жазды Бапи.

Жарнама
Жарнама

Айта кетейік, Самат Әбіштің үстінен Қылмыстық кодексі 362-бабы 4-бөлігі бойынша ("Билікті немесе лауазымды өкілеттіктерді асыра пайдалану") қылмыстық іс қозғалған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама