02 маусым 2022 | 20:27

Самат Ғилымов "Қазақавтожол" басшысы болып тағайындалды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

Самат Ғилымов "Қазақавтожол" ЖШС бас директоры болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Самат Ғилымов "Қазақавтожол" ЖШС бас директоры болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұған дейін ол Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің төрағасы қызметінен босатылған болатын.

Самат Ғилымов 1964 жылы Атырауда дүниеге келген. Еңбек жолын Атырау қаласындағы Қосшағыл совхозынан бастаған. Әр жылдары Атырау облысының совхоздарында, сондай-ақ, жеке компанияларда слесарь, бас инженер болып жұмыс істеген.

Реклама
Реклама

1998 жылдан 2002 жылға дейін Атырау қаласының салық (қаржы) полициясы органдарында жұмыс істеген. 2002-2005 жылдары Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары болған. 2008 жылдан 2014 жылға дейін Көлік және коммуникация министрлігінде жұмыс істеген. 2014-2019 жылдары Атырау облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының басшысы, Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная