“Самұрық-Энергодан“ 199 миллиард теңге тиімсіз шығын анықталды

Фото:depositphotos.com

"Самұрық-Энерго" АҚ тобынан 199 миллиард теңге тиімсіз шығын анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Самұрық-Энерго" АҚ тобынан 199 миллиард теңге тиімсіз шығын анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жоғары аудиторлық палата мәліметінше, кейінгі 10 жылда "Самұрық-Энерго" АҚ тобы небәрі 4 жаңа жобаны іске асырған.

"Бұл 2024 жылы бекітілген даму стратегиясы бойынша алдағы 10 жылға жоспарланған 25 жобаның іске асырылуына күмән тудырады. Тоқтатылған жобаларға байланысты "Самұрық-Энерго" АҚ-ның тиімсіз шығыны 199 миллиард теңге болды. Ең ірілері: Балқаш ЖЭО құрылысы – 102 миллиард теңге, Екібастұз ГРЭС-2-нің №3 энергоблогы – 61,2 миллиард теңге", - деп жазылған хабарламада.

Реклама
Реклама

Аудит нәтижесі бойынша анықталған қаржылық заңбұзушылық көлемі 66 миллион теңге болған. Одан бөлек:

  • бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау 9,5 миллиард теңге,
  • қаражат пен активтерді тиімсіз пайдалану 104,7 миллиард теңге болған.

Барлығы 72 рәсімдік және 35 жүйелі заңбұзушылық тіркелген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама