"Самұрық-Қазына" Есімовтің денсаулығы туралы айтты

Ахметжан Есімов. Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

"Самұрық-Қазына" АҚ Қоғаммен байланыс департаментінің басшысы Сергей Куянов Ахметжан Есімовтің "еңбекке уақытша жарамсыздығы" туралы ақпаратқа түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Самұрық-Қазына" АҚ Қоғаммен байланыс департаментінің басшысы Сергей Куянов Ахметжан Есімовтің "еңбекке уақытша жарамсыздығы" туралы ақпаратқа түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бірнеше күн бұрын Kozachkov offside Telegram-арнасында Үкімет қаулысына ұқсас құжаттың суреті пайда болды.

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының басқарма төрағасының еңбекке уақытша жарамсыздығы кезеңінде үздіксіз жұмысты қамтамасыз ету мақсатында республика Үкіметі қаулы етеді:

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы міндетін атқару Алмасадам Майданұлы Сәтқалиевке жүктелсін", - делінген құжат мәтінінде.

Реклама
Реклама

Сергей Куяновтың айтуынша, Ахметжан Есімовтің жағдайы жақсы. 

"Кеше, өздеріңіз көргендей, ол ресми іс-шараға белсенді қатысып, әріптестерімен, ұжыммен әңгімелесті. Ал үкімет қаулысындағы тұжырымға келетін болсақ, бұл - бірнеше жағдайдың нәтижесі болды. Бір күн бұрын Есімов ПТР-тест тапсырып, күтпеген жерден коронавирус анықталды. Сондықтан үкіметтік құжатта осындай тұжырым жазылды. Бірақ қайта тестілеу және одан кейінгі екінші бақылау теріс нәтиже көрсетті. Яғни, біріншісі қате болған", - деді Сергей Куянов.

Сонымен қатар, ол бұл жағдай Есімовтің қызметтен кету туралы өзінің шешіміне сәйкес келіп қалғанын атап өтті.

Еске салайық, кеше, 29 наурызда Ахметжан Есімов "Самұрық-Қазына" басшысы қызметінен кеткені туралы хабарланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама