16 қыркүйек 2024 | 15:07

“Самұрық-Қазына” қолдауымен қазақ-неміс мектебі ашылады

Бүгін Астанада қазақ-неміс мектебі құрылысының басталуын білдіретін капсуланы салу рәсімі өтті. Шара ГФР канцлері Олаф Шольцтің Қазақстанға ресми сапарына орай ұйымдастырылды.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бүгін Астанада қазақ-неміс мектебі құрылысының басталуын білдіретін капсуланы салу рәсімі өтті. Шара ГФР канцлері Олаф Шольцтің Қазақстанға ресми сапарына орай ұйымдастырылды.

Астанада қазақ-неміс мектебін салу жобасы Қазақстан Президентінің 2023 жылы Германияға сапары аясында қолға алынған. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы ынтымақтастықтың айшықты белгісіне айналатын мектеп салу мүмкіндігін қарастыруды тапсырған еді.

Жоба "Возрождение" қазақстандық немістер бірлестігі мен "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры, Астана қаласының әкімдігі, ҚР Оқу-ағарту министрлігі және Германия стандарттары бойынша білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және енгізуге көмектесетін Германия Федералды сыртқы істер министрлігі қолдауымен жүзеге асырылуда. Мектеп 600 қазақстандық оқушыға неміс тілінде халықаралық білім беретін шетелдегі неміс мектептерінің жаһандық желісінің бір бөлігіне айналады.

Реклама
Реклама

Астанадағы қазақ-неміс мектебі Германияның білім беру стандарттары бойынша оқытатын Орта Азиядағы алғашқы мектеп болады. Оқу бағдарламасы түлектер Қазақстанда да, Германияда да мойындалған аттестат ала алатындай құрылған. Бұл оларға қосымша дайындық және қабылдау емтихандарынсыз Германияның жоғары оқу орындарында оқуды жалғастыруларына мүмкіндік береді.

Жоба бастамашыларының айтуынша, құрылысты 2025 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Ал 2026 жылы мектеп алғашқы оқушыларға есігін айқара ашады. Аталған жоба Қазақстанда білім сапасын арттыруға ғана емес, екі ел арасындағы мәдениет және білім саласындағы байланысты нығайтуға да ықпал етпек.

Айта кетейік, жоба "Самұрық-Қазына" АҚ компаниялар тобының бірыңғай қайырымдылық операторы – "Samruk-Kazyna Trust" қоры арқылы қаржыландырылуда.

Samruk-Kazyna Trust ұсынған материал
Вопрос от редакции
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Талғарға жаңа әкім сайланды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная