01 желтоқсан 2023 16:57

"Самұрық-Қазына" қоры оңтүстік өңірде 4 бірдей оңалту орталығын ашты

Түркістан және Жамбыл облыстарындағы жаңа орталықтар Бүкіләлемдік мүгедектігі бар адамдар күні қарсаңында ашылды. 30 қарашада Сарыағаш қаласында ерте араласу орталығы, бүгін Тараз қаласында ерте араласу және аутизмі бар балаларға арналған орталықтары іске қосылса, Шу қаласында 18 жасқа дейінгі балаларға арналған оңалту орталығы қолданысқа берілді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан және Жамбыл облыстарындағы жаңа орталықтар Бүкіләлемдік мүгедектігі бар адамдар күні қарсаңында ашылды. 30 қарашада Сарыағаш қаласында ерте араласу орталығы, бүгін Тараз қаласында ерте араласу және аутизмі бар балаларға арналған орталықтары іске қосылса, Шу қаласында 18 жасқа дейінгі балаларға арналған оңалту орталығы қолданысқа берілді.

"Самұрық-Қазына" қорымен бүгінде инклюзивті қоғамды дамытуға бағытталған "Қамқорлық" бастамасы аясында соңғы 3 жылда 14 оңалту және 11 ерте араласу орталығы ашылып, 29 мыңнан астам бала тегін оңалтумен қамтылды. Облыс орталықтары мен ірі қалалардан тыс, Ұзынағаш, Бәйдібек би, Степногорск сынды елдімекендерді қамтыған орталықтарда оңалтудан өткен балалардың 2362-сі алғашқы қадамын жасап, 3215 бүлдіршін өмірінде бірінше рет сөйлей бастады.

Реклама
Реклама

Шымкент қаласы мен Павлодар, Жетісу, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарында ашылған аутизм орталықтарының әрқайсысы 1,5-тен 18 жасқа дейінгі 125 баладан қабылдауға қауқарлы. Олардың ата-аналарына қолдау көрсетіледі. Бір жерде әртүрлі мамандар әр баламен баланың қабілеттері мен қажеттіліктерін ескере отырып, әдіскерлер әзірлеген жеке бағдарлама бойынша жұмыс істейді. Жыл сайын тиісті орталықтардың әрқайсысында 125 бала мамандардың көмегін тегін алады.

Балалар мүгедектігінің алдын алу көзделген ерте араласу орталықтарында үш жасқа дейінгі дамуында кінәраты бар 600 ерекше бала оңалту көмегін алады.

Осылайша, бүгінде орталықтар саны жалпы 33-ті құраса, алдағы кезде әлі де 10 орталықты іске қосу жалғасады.

"Ерекше бала асырап отырған әр ата-ана үшін бұл орталықтардың маңызы зор. Біздің мақсатымыз – елдің барлық өңірін қамти отырып, ерекше балаларды жақын жерден қолжетімді әрі тиімді оңалтумен қамтамасыз ету. Бірлескен еңбек жемісін ата-аналар тарапы лайықты бағалайды деп ойлаймын", – деп атап өтті "Самұрық-Қазына" АҚ басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов.

Шу қаласында бүгін ашылған жаңа орталықта жүйке жүйесі мен тірек-қимыл аппаратының бұзылыстары бар, 18 жасқа дейінгі науқас балалар мен жасөспірімдерге көмек көрсетілетін болады.

"Ерекше балаларға арналған орталық - облыста көптен күткен жобамыздың бірі. "Самұрық-Қазына" қорының қолдауымен бүгін міне облысымызда 3 бірдей оңалту орталығының тұсауы кесілді. Сол үшін де алғыс білдіремін. Қоғамда ерекше балалардың саулығын нығайту, оларға көңіл бөлу - басты мақсат", - деді Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев.

Жарнамалық материал

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram