ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 24 қаңтар 2022 17:20
"Самұрық-Қазына" қорының төрт еншілес компания басшылары қызметінен босатылды
"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының төрт еншілес компания басшыларының өкілеттігі тоқтатылды. Бұл туралы "Самұрық-Қазына" АҚ сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының төрт еншілес компания басшыларының өкілеттігі тоқтатылды. Бұл туралы "Самұрық-Қазына" АҚ сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
2022 жылғы 24 қаңтардан бастап өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды:
"Самұрық-Қазына Инвест" ЖШС бас директоры Аслан Сұлтановтың,
Samruk-Kazyna Construction АҚ басқарма төрағасы Болатқан Сандықбаевтың,
"Самұрық-Қазына Контракт" ЖШС бас директоры Алмас Ақыловтың,
"Самұрық-Қазына Бизнес Сервис" ЖШС бас директоры Серікбек Елшібековтің.
Айта кетейік, "Самұрық-Қазына" қорының жаңа ұйымдық құрылымы бекітілгені хабарланған болатын. Оған сай қор қызметкерлері саны екі есеге қысқаратыны белгілі болды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу