ПОДЕЛИТЬСЯ
03 наурыз 2022 | 18:03
"Самұрық-Қазына" төрағасы Тоқаевқа есеп берді
"ҚазМұнайГаз" АҚ, "Эйр Астана" АҚ, "KEGOC" АҚ, "QazaqGaz" АҚ сияқты компаниялар IPO-ға шығарылады. Соның арқасында "Самұрық-Қазына" Ұлттық қорға 500 миллиард теңге бөле алады. Бұл туралы Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысында айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Самұрық-Қазына" акционерлік қоғамын реформалау барысы жөнінде басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев есеп берді. Ол сатып алу үдерісінің ашықтығын қамтамасыз ету, мұнай, газ өңдеу, көмір және электр қуатын өндіру мен олардың маркетингі нарығының қатысушылары үшін кедергілерді жою сияқты бағдарламаның негізгі басымдықтарын атап өтті. Сонымен бірге кадрлық саясат қайта қаралып, басқару персоналы оңтайландырылған. "ҚазМұнайГаз" АҚ, "Эйр Астана" АҚ, "KEGOC" АҚ, "QazaqGaz" АҚ сияқты компаниялар IPO-ға шығарылады. Соның арқасында "Самұрық-Қазына" Ұлттық қорға 500 миллиард теңге бөле алады.
Бағдарлама бойынша 8 миллиард АҚШ долларынан астам сапалы инвестиция тарту, жалпы құны 4 триллион теңгеге жаңадан 24 өндіріс орнын ашу және 5000 жаңа жұмыс орнын ашу көзделуде. Әрбір портфельдік компания үшін қызметтің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірленіп, жеткізу бағдарлары оңтайландырылады, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылданады. Мысалы, қор кәсіпорындарына электр қуатын жеткізу үдерісіне қатысатын 44 делдалмен арадағы шартты бұзу жоспарланып отыр. Осы шаралардан кейін экономикалық тиімділік биылдың өзінде 2 миллиард теңгеден асады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также