ПОДЕЛИТЬСЯ
25 қаңтар 2022 | 17:42
"Самұрық-Қазынаның" жеті топ-менеджері қызметінен босатылды
"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ жеті топ-менеджер жұмыстан босатылғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ жеті топ-менеджер жұмыстан босатылғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысы тапсырмаларын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес, жазған арыздары бойынша бүгін қызметінен босатылды:
- Кравченко Андрей Николаевич, құқықтық сүйемелдеу және тәуекелдер жөніндегі басқарушы директор - "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма мүшесі.
- Манкеев Мұхтар Наурызбайұлы, "Самұрық-Қазына" АҚ корпоративтік басқару және әлеуметтік-еңбек қатынастары жөніндегі басқарушы директор.
- Тұрмағамбетов Ерлан Дмитриевич, "Самұрық-Қазына" АҚ стратегия, тұрақты даму және цифрлық трансформация жөніндегі басқарушы директор.
- Тәжіғалиев Мұхтар Өтепқалиұлы, "Самұрық-Қазына" АҚ активтерді басқару жөніндегі тең-басқарушы директор.
- Есполов Бектенбай Тілектесұлы, "Самұрық-Қазына" АҚ Қоғам және Үкіметпен байланыс жөніндегі серіктес басқарушы директоры.
- Түсіпбеков Жаннат Рашидұлы, "Біріккен химиялық компания" ЖШС басқарма төрағасы.
- Қожақов Қуат Асқарбекұлы, Samruk-Kazyna Trust КҚ бас директоры", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, осы тізімдегі кейбір топ-менеджерлер бүгін жарияланған "Самұрық-Қазынаны" реформалау жоспарында жауапты орындаушылар ретінде көрсетілген. Мысалы, жоспарда Мұхтар Манкеев, Мұхтар Тәжіғалиев және Андрей Кравченко бар.
Бұған дейін "Самұрық-Қазына" қорды реформалау жоспарын жариялағаны хабарланды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также