"Самұрық-Қазына" қорының бұрынғы менеджері "Алматы" телеарнасын басқаратын болды

Коллаж © Tengrinews.kz

Әлібек Әлденей "Алматы" телеарнасының бас директоры болып тағайындалды, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне арнаның бас продюсері Илья Оразақов хабарлады. 

Оның айтуынша, жаңа менеджер кеше, 21 қазанда таныстырылған. Ол қазір жұмысына кірісті. Сонымен қатар, Оразақов телеарнаның жаңартылған тұжырымдамасының жақында ұсынылатынын мәлімдеді. "Қарашаның соңында жаңа маусымды таныстырамыз. Телеарна ақпараттық және ойын-сауық ақпарат құралы болады, ол дегеніміз жаңа жобалар, жаңа адамдар. Менің ойымша, телеарна бұрынғыдан да тартымды бола түседі", - деді Оразақов.

Айта кетейік, Әлденей бұған дейін "Самұрық-Қазына" қорында ақпараттық-аналитикалық департаменттің менеджері қызметін атқарған. 31 жаста, үйленген. Бұған дейін "Алматы" телеарнасының бас директоры Сергей Куянов болды, ол қазір "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" қоғаммен байланыс департаментін басқарады. 

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама