"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ-де басқарушы директорлар саны екі есеге қысқарды

© Тұрар Қазанғапов

"Сам?ры?-?азына" ???" А? жа?а ??рылымы бекітілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ?орды? ?о?аммен байланыс департаментіне сілтеме жасап.

"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ жаңа құрылымы бекітілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қордың Қоғаммен байланыс департаментіне сілтеме жасап.

Басқарма шешімі бойынша "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат Қоры" АҚ жаңа құрылымы бекітілді. Жаңа құрылымға сәйкес, басқарушы директорлар саны 10-нан 5-ке дейін, департаменттер мен құрылымдық бөлімшелер саны 37-ден 27-ге дейін қысқартылды және басқарма төрағасының орынбасары қызметіне бір штаттық бірлігі енгізілді.

"Құрылымға өзгерістер енгізу - басқарудың оңтайлылығын (мобильділігін) және тиімділігін арттыру, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ трансформациясы процесіне терең үңілу, активтерді басқаруда сатылы құрылым енгізу және Қор құрамына кіретін ұлттық компаниялардың экономикалық тиімділігін арттыру міндеттемелері аясында қажет болды", - деп хабарлады Қоғаммен байланыс департаментіндегілер.

Реклама
Реклама

Жаңа құрылымның ағымдағы жылдың 11қаңтарынан бастап іске қосылғаны айтылады.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама