ПОДЕЛИТЬСЯ
28 қыркүйек 2021 | 18:01
Санақтан онлайн өткендер саны 6 миллионнан асты
Қазақстанда санақтан онлайн өткендер 6 миллионнан асты. Осылайша бүгінде санаққа қатысқан халық үлесі 31,8 пайыз болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанда санақтан онлайн өткендер 6 миллионнан асты. Осылайша бүгінде санаққа қатысқан халық үлесі 31,8 пайыз болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
28 қыркүйек сағат 17:00-дегі жағдай бойынша, 6 044 448 респондент онлайн санақтан өткен.
"Олардың 5223509-ы sanaq.gov.kz сайтында, 584586 адам Egov порталында тіркелу арқылы жауап берсе, 236 353 адам санаққа Аitu қосымшасы арқылы қатысты", - делінген хабарламада.
Ведомство мәліменіше, онлайн санақтан өткендер саны бойынша Түркістан облысы алда. Мұнда 799 457 тұрғын санақтан өткен. Онлайн санақтан өткен тағы 663522 адам Алматы облысында тіркелген. Үздік үштікті Шығыс Қазақстан облысы түйіндеді. Мұнда 575409 адам санақ сауалдарына жауап берді.
Бұл көрсеткіш бойынша әзірге соңғы екі орынды Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстары еншілеп тұр. Бұл өңірлерде сәйкесінше 168158 және 148428 адам санақтан өткен.
Ал, жергілікті халық санына шаққандағы санақтан өткендердің үлесі бойынша Қызылорда облысы алда тұр. Мұнда азаматтардың 47,6 пайызы сауалдарға жауап берген (1 тамыздағы жағдай бойынша өңірде 823052 адам тіркелген). Бұл көрсеткіш бойынша Шығыс Қазақстан облысы екінші орында. Мұнда тұрғындардың 42,3 пайызы бүгінге дейін санақтан онлайн режимде өткен (1 тамыздағы жағдай бойынша өңірде 1361163 адам тіркелген).
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также