Санаулы күн қалды: ІІМ өкілі мопедтерді тіркеудің жаңа талаптары туралы айтты

Фото: Tengri Auto

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Қазақстанда мопедтерді тіркеу туралы жаңа мәліметтерді бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Қазақстанда мопедтерді тіркеу туралы жаңа мәліметтерді бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ішкі істер министрінің орынбасарының айтуынша, бүгінде елде ресми түрде 18 200 мопед тіркелген.

"Олардың жалпы саны қанша екенін ешкім нақты білмейді, әртүрлі мәлімет бар. Айта кететін жалғыз нәрсе, былтыр осы санаттағы 22 мың жүргізуші куәлігі берілді, биыл – 2,5 мың. Бірақ кейбіреулер мопедсіз де куәлік алуы мүмкін. Қазіргі жағдай, қанша мопед тіркелсе, соншасы ғана жүреді. Қалғандары жүрмейді", – деді Лепеха Мәжіліс кулуарында.

Реклама
Реклама

Лепеха мопедтерді міндетті тіркеу мерзімінің аяқталуына санаулы күндер қалғанын еске салып, иелерін көлік құралын тезірек рәсімдеуге шақырды.

"Осы сәтті пайдалана отырып, айтарым: мерзімнің аяқталуына өте аз уақыт қалды. Біз тіпті ХҚКО-лардан жұмыс уақытын ұзартуды сұрадық, осылайша барлығы өз көліктерін тіркеп үлгеруі үшін. Себебі кейін бұл адамдар заңды негізде жүре алмайды", – деді шенеунік.

Тіркелмеген мопедтердің иелеріне қандай шаралар қолданылатыны туралы сұраққа Лепеха олардың көліктері айып тұрағына қойылатынын айтты.

"Мопед иесі барлық қажетті құжаттарды рәсімдеген соң ғана көлік құралын жүргізе алады", – деп түйіндеді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама