Санитар дәрігер халықаралық рейстерге қатысты пікір білдірді

Фото:elements.envato.com

Жақында Венгрия, Үндістан, Германия, Чехия, Малайзия, сондай-ақ Мысыр, Украина, Польша, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстанға ұшуға болатыны туралы белгілі болды. Осы бағыттар бойынша рейстер қашан ашылатынын Қазақстанның көліктегі бас санитар дәрігері Сәдуақас Байғабылов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Санитар дәрігердің айтуынша, рейстің нақты қашан ұшатыны әлі белгісіз.

"Әзірге отандық және шетелдік әуетасымалдаушылардың жоспары жоқ. Біз шекараны аштық, ал әуе рейстерінің ұшуы компанияларға, солардың дайындық дәрежесіне байланысты болады", - деді Сәдуақас Байғабылова тілшіге.

Реклама
Реклама

Еске салайық, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы 11 маусымдағы шешіміне сәйкес, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ұсыныстарын ескере отырып, 2020 жылғы 20 маусымнан бастап Қазақстан Республикасынан Түркияға, Қытайға және Оңтүстік Кореяға, Таиландқа, Грузия мен Жапонияға халықаралық рейстер кезең-кезеңмен қайта ашылатыны белгілі болған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама