10 наурыз 2021 13:22

Санитар дәрігерлер Алматы неге "қызыл" аймаққа өткенін түсіндірді

Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Алматы қаласының "қызыл" аймаққа өту себебін Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қаласының "қызыл" аймаққа өту себебін Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әсел Қалықованың айтуынша, коронавирус жұқтырғандар көрсеткішінің өсуіне қала тұрғындары арасындағы белсенді қарым-қатынас пен күн жылынғаннан кейінгі қозғалыстың көбеюі себеп болды.

"Наурызда көрсеткіштің өсу себептері - инфекция жұқтырған адамдардың қоғамдық көліктерде және қоғамдық жерлерде отбасы мүшелерімен араласуы, отбасылық іс-шараларды өткізу көбейіп, мектептерде 1-ден 5-ші сыныпқа дейін оқудың басталуына байланысты. Сондай-ақ, ПТР-сынамасы оң нәтиже көрсеткен адамдардың оқшаулану режимін жиі бұзуы себеп", - деді ол.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, 10 наурызда Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласы коронавирус таралуы бойынша "қызыл" аймаққа өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram