ПОДЕЛИТЬСЯ
22 сәуір 2021 | 10:05
"Санитария дәрігері кетсін". Шымкент әкімдігі маңында наразылық акциясы өтті
Шымкент қаласы әкімдігінің маңында ондаған кәсіпкер наразылық акциясын өткізді. Кішігірім дәмхана иелері қаланың бас санитар дәрігерін жұмыстан шығаруды талап етті. Бұл туралы Astana.TV сюжетінде айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Шымкент қаласы әкімдігінің маңында ондаған кәсіпкер наразылық акциясын өткізді. Кішігірім дәмхана иелері қаланың бас санитар дәрігерін жұмыстан шығаруды талап етті. Бұл туралы Astana.TV сюжетінде айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
21 сәуірде қоғамдық тамақтану орындарының қызметкерлері мен иелері Шымкентте әкімдік ғимаратының маңында жиналды. Олар Шымкент қаласының бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысына наразы болып, қала әкімімен кездесуді талап етті.
Құжатқа сәйкес, фудкорттар енді таңғы 8-ден кешкі 10-ға дейін жұмыс істеуі керек. Бұл жеткізу және алып кету қызметіне қойылған шектеу. Бұрын олар тәулік бойы жұмыс істейтін.
"Бізде адамдар жиналмайды, кафедегідей отырмайды. Олар келеді де дайындалған донерді, фастфудты алып кетеді. Олар бізге шектеулер қойып отыр. Мәні неде? Бізде сауда өзі де оразадан кейін басталады", - деді кәсіпкер Арман Танысықбаев.
Жаңа қаулы, бизнесмендердің пікірінше, оларды күйретеді. Ондаған қоғамдық тамақтандыру орнының қызметкерлері жалақысыз қалады. Кәсіпкерлер бұрынғыдай тәулік бойы жұмыс істеуге рұқсат беруді талап етті. Ал санитар дәрігерді қызметінен босатуды сұрап отыр. Олар талап орындалмаса, тағы мың адамды жинап, алаңға қайтадан шығамыз дейді.
Оларға қалалық кәсіпкерлер палатасының өкілдері шығып, өңірлік кеңестен, әкімдікпен санитария дәрігердің осы пунктіне өзгерістер енгізуін пысықтап жатқанын айтты.
"Бұл мәселе 95 пайызға оң шешімін табады деп ойлаймын", - деді Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан Қабыштаев.
Бұл іс бойынша түпкілікті шешімді арнайы комиссия қабылдайды. Оның құрамына әкімдік басшылығы, СЭҚ қызметкерлері, полицейлер, денсаулық сақтау саласының шенеуніктері кіреді. Олардың 80 пайызы шектеу шараларын қайта қарауды шешсе, онда тамақтану нысандары әдеттегі жұмысқа оралады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также