23 тамыз 2021 | 17:40

Санитария дәрігерлері "Алтын Орда" маңына жиналған жұртқа қатысты пікір білдірді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
видеодан алынған фото

Әлеуметтік желілерде "Апорт" сауда орталығы мен "Алтын Орда" базары маңына көп адам жиналғаны түсірілген видео жарияланды. Алматы облысының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Әлеуметтік желілерде "Апорт" сауда орталығы мен "Алтын Орда" базары маңына көп адам жиналғаны түсірілген видео жарияланды. Алматы облысының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде "Апорт" сауда орталығы мен "Алтын Орда" базарындағы автотұрақта құжынаған халық жүргені түсірілген видео жарияланды. Пікір жазушылар Алматыда ірі сауда нысандары жұмысына тыйым салынғанына қарамастан, қала тұрғындары осы жерлерге келіп, карантин нормаларын бұзып жүргеніне наразы.

Реклама
Реклама

Кейбірі мұндай көп адам жиналу себебі, балаларға мектеп формасын алу науқанына байланысты екенін жазған.

Осы сауда нысандары орналасқан Алматы облысының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәліметінше, өңір "қызыл" аймақта орналасқанына қарамастан, елдің бас санитария дәрігерінің соңғы қаулысына сәйкес Ashyq көшбасшыларына "сары" аймақ шарттары бойынша жұмыс істеуге рұқсат берілген. Алматы облысының бас санитария дәрігері олар үшін карантин шараларын күшейте алмайтынын айтты.

Бұл ретте "Апорт" сауда орталығы мен "Алтын Орда" базары Қарасай аймағындағы Ashyq "көшбасшылары" саналады.

Аудан әкімдігі бұл жағдайдан хабардар екенін және "Алтын Орда" аймағында жиналған халықты бақылағанын айтты. Дегенмен, олар демалыс күндері жұмыс істеген базар мен "Апорт" сауда орталығының жұмысын тексермегенін айтты.

"Ол жерді тексеріп, барлық келушіге айыппұл салу арқылы сауда нысандарына барғысы келетіндерді тоқтата алмаймыз. Демалыс күндері "Апорт" сауда орталығының алдындағы автотұрақ шынымен де толы болды. Басшылықпен сөйлесіп келушілерді бетпердесіз кіргізбеу керек екенін, санитарлық талаптарды сақтау керек екенін айтамыз", - деді Қарасай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметінегілер.

Еске салайық, бұған дейін "Алтын Орда" базары мен "Апорт" сауда орталығының демалыс күндеріндегі жұмысына Алматы қаласының бас санитария дәрігері пікір білдірген болатын. Ол осы мәселе бойынша Алматы облысының бас санитария дәрігерімен сөйлескенін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная