ПОДЕЛИТЬСЯ
21 қараша 2024 | 11:01
Сапа қашан жақсарады? Министрге ұялы байланыс операторлары туралы сұрақ қойылды
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Сенат кулуарында байланыс операторларының тариф бағасын көтеруіне қатысты пікір білді, - деп хабарлайды Massaget.kz.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Сенат кулуарында байланыс операторларының тариф бағасын көтеруіне қатысты пікір білді, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Министрден тілшілер баға мен сапа қашан бір-біріне сай болады деп сұрады.
"Сіздердің талап етулеріңіз дұрыс. Біз де, үкімет ретінде, талаптарды күшейтіп жатырмыз. Қазір біз секундтағы мегабит саны бойынша минималды деңгейді көтеріп жатырмыз. 5G-ге қойылатын талапты 50 мегабитке дейін арттыру бойынша жұмыс жасап жатырмыз, әрі қарай да жалғастырамыз деп ойлаймын. Сіздер үнемі видео жіберетін шығарсыздар. Сондықтан Wi-Fi бар кезде соған қосылып жүруге кеңес беремін. Мен де солай істеймін", – деді Мәдиев.
Ал пайдаланушыларға ескертусіз тарифтерді көтеруге тыйым салу мәселесі бойынша министрлік ешқандай шара қолдана алмайтындарын алға тартты.
"Бізде бағалар Кәсіпкерлік кодексі бойынша реттелмейді. Олар базалық станциялар мен антенна-мачталық құрылымдарға үлкен инвестиция құяды.Сол себепті біз оларға тыйым сала алмаймыз", – деп түсіндірді министр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также