18 қаңтар 2021 14:28

Сапар Нұрашев ұсталғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды - Алматы әкімдігі

Алматы қалалық жайлы орта басқармасының басшысы Сапар Нұрашев ұсталғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Мұндай хабарламаны қала әкімдігінің баспасөз қызметі таратты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Әлеуметтік желілерде және сайттарда Алматы жайлы қалалық орта басқармасының басшысы Сапар Нұрашев ұсталғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Нұрашев жұмыс орнында отыр. Қала әкімдігі қажет ақпаратты және тергеуге дейінгі тексеріске қатысты түсінік беруге дайын", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, Антикор жарты сағат бұрын Сапар Нұрашевтың ұсталғанын хабарлаған еді.

БАҚ мәліметінше, шенеунік қаладағы модульді инфекциялық аурухананың құрылысына бөлінген миллиардтаған қаржыны жымқырды деген күдікке ілінген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram